«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2022 жылғы 30 наурыздағы №334 бұйрығына сәйкес ағымдағы жылы Министрліктің қызметіндегі «Кедендік әкімшілендіру және кеден саласында мемлекеттік қызметтер көрсету» бағыты бойынша талдау жүргізілді.
Талдау нәтижелері бойынша лауазымды адамның тасымалдаушылармен тікелей байланысы, мемлекеттік органдармен интеграцияның болмауы және Астана – 1 АЖ толық автоматтандырылмауы бөлігінде 19 сыбайлас жемқорлық тәуекелі анықталды.
Осыған байланысты, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленді, оның шеңберінде мынадай іс-шаралар:
- «Астана-1» ақпараттық жүйелерін пысықтау;
- кедендік әкімшілендіру жүйесін автоматтандыру;
- нормативтік-құқықтық актілерге – «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделді.
Қазіргі уақытта кеден саласында анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша жұмыс жүргізілуде.