Қазақстан Республикасындағы тұрақты мемлекеттік сатып алулар қағидаттарын практикалық қолдану тақырыбындағы бірлескен семинар-тренинг

Қазақстан Республикасындағы тұрақты мемлекеттік сатып алулар қағидаттарын практикалық қолдану тақырыбындағы бірлескен семинар-тренинг

Бүгін Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі БҰҰ–ның Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасымен (ЮНЕП) PAGE (ЮНЕП-тің «Жасыл» экономика саласындағы іс-қимылдар үшін әріптестігі) бағдарламасы шеңберінде, ЕҚЫҰ-ның Астана қаласындағы бағдарламалар офисімен және «ECOJER» Қазақстандық өңірлік экологиялық бастамалар қауымдастығымен Қазақстан Республикасындағы тұрақты мемлекеттік сатып алулар қағидаттарын практикалық қолдану тақырыбында бірлескен семинар-тренинг өткізді.

Семинарда тұрақты мемлекеттік сатып алу туралы ақпарат, Батыс және Шығыс Еуропа елдерінің озық тәжірибесі мен алған сабақтары, халықаралық зерттеулердің қорытындылары ұсынылған.

Айтылған ұсыныстар мен ұсынымдар мемлекеттік сатып алу туралы жаңа заңды әзірлеу шеңберінде қаралатын болады.