
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев салық салудың жекелеген мәселелері бойынша кеңес өткізді.
Кеңеске Қаржы, Мәдениет және спорт, Ұлттық экономика, Әділет министрліктерінің, Қаржы мониторингі жөніндегі агенттіктің, Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері және «Шетелдік инвесторлардың Қазақстандық кеңесі»
қауымдастығының басқарма төрағасы қатысты.
Ойын және лотерея бизнесін салықтық әкімшілендіруге, Мемлекеттік кірістер комитетін валюталық бақылау және халықаралық салық салу органдарының бірі ретінде анықтауға қатысты бірқатар мәселелер қаралды.
Кеңес қорытындысы бойынша Ерұлан Жамаубаев мүдделі мемлекеттік органдарға қабылданған шешімдерді ескере отырып, заңнамалық өзгерістерді пысықтауды тапсырды.