ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Х съезінде құттықтау сөз сөйледі

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Х съезінде құттықтау сөз сөйледі

Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Х съезінде құттықтау сөз сөйледі.

Е.Жамаубаев өз сөзінде нақты сектор экономика өсімінің маңызды драйвері болып қала беретінін жеткізді. Атап айтқанда, салалар бойынша: ауыл шаруашылығы, ақпарат және байланыс, құрылыс, көлік және қоймалау, сондай-ақ өңдеу өнеркәсібі мен сауда жоғары өсуді көрсетеді.

Жеке бастамаларды қолдау және дамыту экономикадағы шағын және орта бизнес үлесін 2021 жылы 34%-ке дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді.

Ұлттық палатаның белсенді қатысуымен 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба әзірленіп, іске асырылуда, оның шеңберінде бизнесті қолдау жөніндегі түрлі құралдар шоғырландырылды.

Сондай-ақ, кәсіпкерлік белсенділікті ынталандыруға және кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған шағын және орта бизнесті дамытудың 2030 жылға дейінгі Тұжырымдамасы қабылданды.

Инвестициялық ахуалды жақсарту мақсатында Инвестициялық саясат тұжырымдамасы бекітілді.

Осы бағыттағы жұмыстың негізгі векторлары айқындалды және шамамен 30 трлн. теңге сомасына 850 инвестициялық жобадан тұратын пул қалыптастырылды.

Қазіргі уақытта Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жаңа Салық кодексін әзірлеу басталды. Арнайы жұмыс тобы құрылды, оның құрамына Ұлттық палата мен бизнес-қоғамдастықтардың өкілдері кірді. Салықтық әкімшілендіруді жетілдіруге ерекше назар аударылатын болады, - деп атап өтті Ерұлан Жамаубаев.