«Квазимемлекеттік сектордың сыртқы және ішкі қарыздарына мониторинг жүргізу және бақылау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 210 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына
ПРЕСС-РЕЛИЗ
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен 2008 жылғы
4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 199-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қаржысын басқарудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру мақсатында «Квазимемлекеттік сектордың сыртқы және ішкі қарыздарына мониторинг жүргізу және бақылау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 210 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы (бұдан әрі - Жоба) әзірленген.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қаржысын басқарудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының 30-тармағымен барлық квазимемлекеттік сектор субъектілерінің борышын мониторингпен қамту қарастырылады.
Бұл ретте Жобаның қолданыстағы редакциясы сыртқы қарыздарды тарту, Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісілетін квазимемлекеттік сектор субъектілерінің ғана борышына мониторинг жүргізуді көздейді.
Осыған байланысты, жоспарланған өзгерістер квазимемлекеттік сектордың барлық субъектілерін борыш мониторингпен қамтуға мүмкіндік береді.
Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қаржысын басқарудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасының қабылдауына байланысты борыштық индикаторлар жаңартылды және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдама мен Қазақстан Республикасының жаңа бюджет саясатының тұжырымдаманың күші жойылды.
Сондай-ақ, Жобада «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабы 5-тармағына сәйкес келтіру мақсатында НҚА мәтіні бойынша заңнамалық актілердің күндері алып тастау көзделеді.
Осы бұйрықтың жобасы 2022 жылғы 14 қазанда http://legalacts.egov.kz ашық нормативтік құқықтық актілерінің интернет-порталында орналастырылған.
Жария талдауды өткізу мерзімі – 2022 жылы 31 қазанға дейін.