«Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 392 бұйрығына өзгерісті енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің бұйрық жобасына баспасөз хабарламасы

«Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 392 бұйрығына өзгерісті енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің бұйрығының жобасы (бұдан әрі – Бұйрық) Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің талаптарына сәйкес әзірленген.

Бұйрық Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 19 мамырдағы отандық бизнес өкілдерімен кездесу нәтижелері бойынша берген дауларды сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғанға дейін реттеу басымдығын қамтамасыз ете отырып, мемлекеттік аудит қорытындыларына шағымдану тетігін енгізу бойынша тапсырманы орындау үшін, сондай-ақ аудит объектісімен бір қатарда үшінші тұлғалар – кәсіпкерлік субъектілерінің аудиторлық есепке және нұсқамаға апелляциялық сатысында шағымдану құқығын қамтамасыз ету мақсатында әзірленді.

Бұйрықты қабылдау және оны іске асыру теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржылық шығындарды талап етпейді.

Бұйрық жобасы нормативтік құқықтық актілердің ашық порталында (http://legalacts.egov.kz) заңында – 2022 жылдың 1 қарашасында орналыстырылды.

Бұйрық жобасын қоғамдық талқылау өткізу мерзімі – 2022 жылдың 16 қарашасына дейін.