«Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің бұйрық жобасына баспасөз релизі
«Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің бұйрық жобасы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Занның 31-3-бабының 2-тармағын іске асыру үшін әзірленген және сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің өмірлік циклі құнының есептемесі пайдаланылатын конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібін, оның ішінде конкурстық құжаттаманы, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің өмірлік циклінің құнын есептеу әдістемесін және техникалық ерекшелігін қарастырады.
Бұйрықты қабылдау мемлекеттік бюджеттен қосымша шығындарды талап етпейді.
Бұйрық жобасы 2022 жылғы 2 қарашада ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған (https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=14276404) мерзімі 2022 жылғы 16 қараша.