
«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» ҚР Заңымен қарастырылған функцияларын орындау аясында, Ішкі мемлекеттік аудит комитеті (бұдан әрі - Комитет) мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы алынған мәліметтерді салыстыру жолымен, мемлекеттік аудит объектісіне шықпай камералдық бақылауды жүзеге асырады.
Камералдық бақылаудың мақсаты бұзушылықтарды болдырмау және уақытында оның алдын алу, сонымен қатар мемлекеттік аудит объектісіне бұзушылықтарды өз бетінше жоюға мүмкіндік беру болып табылады.
Осылайша, 2022 жылғы 9 айы ішінде жалпы сомасы 9 977 642,9 млн.теңгеге 475 309 мемлекеттік сатып алу рәсімі камералдық бақылаумен қамтылды процедуралары қамтылды. Тексеру қорытындысы бойынша жалпы 31 650 (7%) процедура бойынша мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың бұзушылығы анықталды.
Мемлекеттік аудит объектілері камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы 29 341 (93%) хабарламаны орындады.
Қабылданған шаралармен хабарламаларды уақтылы орындамағаны үшін ағымдағы жылдың 9 айы ішінде Комитет шығыс операцияларын тоқта тұру туралы 83 өкім шығарды.
Сонымен қатар, Комитет 1851 аудиторлық іс-шаралар жүргізіп, оның барысында 3 567 408,5 млн.теңге қаражат қамтылған. Бұл ретте, сомасы 287 730,8 млн. теңгеге қаржылық бұзушылықтар, саны 4 092 процедуралық сипаттағы бұзушылықтар анықталған.
Қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасынан бүгінгі күнге дейін тауарларды жеткізу, қызметтерді көрсету және жұмыстарды орындау, бюджетке өтеу және есеп бойынша көрсету жолымен 272 106,9 млн. теңге жойылған.
Жүргізілген аудиторлық шаралардың нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктердің себептерін жоюға, сондай-ақ, аудит объектілерінің қызметтерін жетілдіруге және тиімділігін арттыруға бағытталған 1 638 ұсыныс беріліп, олардың 1 209 орындалған.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР Кодексіне сәйкес 6 901 материал бойынша сомасы 605 млн. теңге айыппұл көлемінде әкімшілік іс қозғалып, оның 97% немесе 587 млн. теңгесі бюджетке қайтарылған.
Бұзушылықтарға жол бергені үшін 1 595 кінәлі тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылған.
Аудиторлық шаралардың қорытындылары бойынша процессуалды шешім қабылдау үшін сомасы 147 267,8 млн.теңге болатын 145 материал құқық қорғау органдарына жолданды.
Жыл соңына дейін Комитеттің 2022 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін уақытылы және сапалы орындау бойынша жұмыстар жалғасатын болады.