Қазақстан Республикасы мен Халықаралық валюта қорының Кавказ, Орталық Азия және Моңғолия әлеуетін дамыту орталығы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум бойынша жиын

Қазақстан Республикасы мен Халықаралық валюта қорының Кавказ, Орталық Азия және Моңғолия әлеуетін дамыту орталығы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум бойынша жиын

Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Ұлттық банк және орталық мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен жиын өткізді.

Жиында Қазақстан Республикасы мен Халықаралық валюта қорының Кавказ, Орталық Азия және Моңғолия әлеуетін дамыту орталығы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум жасасу мәселелері қаралды.

Сөз соңында Е. Жамаубаев Ұлттық банкке Сыртқы істер және Әділет министрліктерімен бірлесіп, Қазақстан Республикасы мен Халықаралық валюта қорының Кавказ, Орталық Азия және Моңғолия әлеуетін дамыту орталығы арасында өзара түсіністік туралы меморандум жасасудың кейбір мәселелерін пысықтауды тапсырды.