
Бүгін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі Мемлекеттік комиссия жанындағы жұмыс тобының отырысы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы, «Астана» халықаралық қаржы орталығы, «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы, сондай-ақ «Проблемалық несие қоры» акционерлік қоғамы мен орталық мемлекеттік органдар басшыларының қатысуымен өтті.
Отырыста IPO өткізу туралы, Ұлттық қордың және «Проблемалық несие қоры» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері және коммуналдық меншік объектілерін бәсекелестік ортаға беру бойынша өзекті мәселелер қаралды.
Қорытынды негізінде Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі Мемлекеттік комиссия жанындағы отырысқа өзекті мәселелерді шығару туралы шешім қабылданды.