Қаржы министрлігінде Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өтті

Қаржы министрлігінде Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өтті

Бүгін Қаржы министрлігінде Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев әріптестерін келе жатқан мерекемен құттықтады.

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың ұсынуымен Республика күніне ұлттық мереке мәртебесі берілді. Осылайша ағымдағы жылдың қыркүйек айында Қазақстан Республикасының Парламентімен «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңға түзетулер енгізілді.

Мерекелік шарада Ерұлан Жамаубаев мемлекеттік наградалар мен Құрмет грамоталарын, сонымен қатар Алғыс хаттарын табыстады.

Салтанатты шара мерекелік концертпен жалғасты.