Қаржы министрлігінде Вице-министр Д.М. Кеңбеилдің төрағалығымен Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу саласында тәжірибе алмасу мақсатында Өзбекстан Республикасы Қаржы министрлігінің өкілдерімен кездесу өткізілді.
Кездесу барысында электрондық мемлекеттік сатып алуды өткізу мәселелері, қазынашылық жүйесінің функциялары мен міндеттері талқыланды.