Қаржы министрлігінің Аппарат басшысы Абзал Бейсенбекұлы жұмыс сапарымен Жетісу облысында болды

Қаржы министрлігінің Аппарат басшысы Абзал Бейсенбекұлы жұмыс сапарымен Жетісу облысында болды

Қаржы министрлігінің Аппарат басшысы Абзал Бейсенбекұлы жұмыс сапарымен Жетісу облысында болды. Сапар барысында «Достық – автомобиль» және «Достық – теміржол» өткізу пункттерінің құрылыс қарқынына инспекция жасалды.
Объектінің өзінде мердігер компаниялармен кеңес өткізіліп, құрылыс барысында туындайтын проблемалы мәселелер талқыланды.
Кеңес соңында құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуді жеделдету, объектілерде жұмыс күші мен арнайы техниканы көбейту жөнінде қажетті тапсырмалар берілді.
А. Бейсенбекұлы Мемлекеттік кірістер комитетіне мемлекеттік шекараның қазақстандық бөлігіндегі өткізу пункттерін жаңғырту барысын үнемі бақылап отыруды тапсырды.
Анықтама: Үкіметтік қарыз шеңберінде Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы шекарасындағы 9 автомобиль, 1 теміржол өткізу пунктін және Астана қаласындағы Бас диспетчерлік басқарманы жаңғырту және техникалық толық жарақтандыру жүргізілуде. Іске асыру мерзімі 2022 – 2024 жылдар.
Жаңғырту қорытындысы бойынша өткізу пункттерінің барлық инфрақұрылымдық проблемалары шешіледі және шекараны кесіп өту кезіндегі мемлекеттік бақылау түрлерін жүргізудің бүкіл бизнес-процесін автоматтандыру іске асырылатын болады.