
Бүгін Қаржы вице-министрі Д. Кеңбеил Азия Даму Банкінің Директорлар кеңесінің мүшелерімен кездесті.
Кездесу барасында елдегі экономикалық саясат пен жүргізіліп жатқан реформалар, Қазақстандағы АДБ кеңсесінің қызметін жетілдіру, сондай-ақ АДБ мен Қазақстанның 2023-2027 жылдарға арналған елдік әріптестігінің жаңа стратегиясын әзірлеу мәселелері талқыланды.
Тараптар АДБ-нің жаңа стратегиясы Қазақстанда қойылған міндеттер мен жүргізіліп жатқан экономикалық реформаларды тиімді іске асыруға ықпал ететінін атап өтті.
Қорытындылай келе, Д. Кеңбеил АДБ-нің тұрақты экономикалық өсімге қол жеткізудегі қолдауының маңыздылығын атап өтіп, жемісті ынтымақтастықты жалғастыруға үміт білдірді.