«2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы», «ҚР Ұлттық қорынан 2023 – 2025 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Заңның жобасы жайлы

«2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы», «ҚР Ұлттық қорынан 2023 – 2025 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Заңның жобасы жайлы

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев «АМАNАТ» фракциясының кеңейтілген отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларын іске асыру аясында «2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы», «ҚР Ұлттық қорынан 2023 – 2025 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Заңның жобасы жайлы баяндады.

Е. Жамаубаев Заң жобасы елдің 2027 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму болжамы негізінде әзірленгенін атап айтты.

2023 жылға арналған түсімдер осы жылдың жоспарына қарағанда 2 трлн теңгеге ұлғайып, 17,8 трлн теңгені құрайды.

Республикалық бюджетке түсетін мұнай түсімдерінің үлесі біртіндеп азаюда. Келесі жылы Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт осы жылмен салыстырғанда 1,8 есеге азайып, 2,2 трлн теңге мөлшерінде тартылады.

Келесі жылы нысаналы трансферт 1,0 трлн теңге мөлшерінде айқындалып отыр.

Мұнай емес түсімдердің үлесі 2022 жылғы 59,8%-тен 2025 жылға қарай 78,2%-ке дейін өсумен көзделген.

Сондай-ақ ол мұнай емес сектордан түсетін кірістердің ұлғаюы біртіндеп экономика диверсификациясының жақсаруымен және меншік табыс көзінің нығаюымен байланысты екенін жеткізді.

Бюджет тапшылығы биылғы Жалпы ішкі өнімге 3,3%-тен 2025 жылы 2,5%-ке дейін кезең-кезеңмен төмендеумен жоспарланып отыр.

Осылайша, шығыстар осы жылдың жоспарына қарағанда 2,2 трлн теңгеге ұлғайып, келер жылы 21 трлн теңгеге немесе жалпы ішкі өнім 17,4%-ке жоспарланғанын айтты.

Бұл ретте бұрынғыдай бюджет шығыстарының басым бөлігі әлеуметтік салаға тиесілі болып отыр. Жалпы сипаттағы трансферттерді ескерсек, оған осы жылдың жоспарына 2 трлн теңгеге ұлғая отырып, келесі жылы 10,6 трлн теңге көзделген.

2023 жылға экономиканың нақты секторын қолдауға арналған бюджет шығыстары 2,5 трлн теңге сомасында жоспарланған. Оның ішінде:

  1. өңдеу өнеркәсібін дамытуға;
  2. өңірлерде жалғасатын инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға;
  3. кәсіпкерлікті, шағын және орта бизнесті дамыту және қолдауға;
  4. көлік және газ тасымалдау жүйесін дамытуға басымдық беріліп отыр.

Қорытындылай келе Е.Жамаубаев «AMANAT» фракциясымен ауқымды жұмыс жүргізіліп, оның ішінде өңірлердің қажеттіліктері егжей-тегжейлі талқыланғанын айтты.

Талқылаулар барысында Заң жобасы мақұлданып, Мәжілістің келесі жалпы отырысына шығарылатын болады.