«Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің бұйрық жобасына баспасөз релизі

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің бұйрық жобасына баспасөз релизі

Жоба жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің ұсыныстары бойынша және «Жергілікті бюджеттердің теңгерімділігін қамтамасыз ету үшін Алматы, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарының бюджеттерінен Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарының бюджеттеріне қаражат аудару туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 18 тамыздағы № 578 қаулысын іске асыру үшін әзірленді.

Осыған байланысты жаңа бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) ашу және бюджеттік процесті жүзеге асыруды қамтамасыз ету үшін түсім кодының атауына өзгерістер енгізу бөлігінде «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына және «Бюджет түсімдерін бюджеттердің деңгейлері, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шоты мен Жәбірленушілерге өтемақы қорының қолма-қол ақшасының бақылау шоты арасында бөлу кестесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 404 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Бұйрық жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына (http://legalacts.egov.kz) 2022 жылғы 30 қыркүйекте орналастырылды.