Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті (бұдан әрі - Комитет) туралы ережеге сәйкес орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу Комитеттің негізгі міндеттердің бірі болып табылады.
Бірыңғай ұйымдастырушының қызметін реттейтін негізгі нормативтік құқықтық актілер «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №648 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары болып табылады.
Республикалық маңызы бар Бірыңғай ұйымдастырушы өткізетін орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуларға толығырақ тоқталайық.
Бірыңғай ұйымдастырушы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 1127 бұйрығымен бекітілген тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесі бойынша орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады.
Бірыңғай ұйымдастырушы өткізетін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру рәсімі Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 9, 11, 12, 13, 14-тарауларына сәйкес мынадай іс-шаралардың кезектілігін білдіреді. Мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға және өткізуге конкурс не аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың қолданыстағы қағидаларында көзделген құжаттарды қамтитын тапсырма келіп түскен кезде, Комитет өтінімді ұсынылған құжаттардың толықтығы мен заңдылығы және дұрыстығы мәнінде Комитеттің ішкі регламентінде айқындалған мерзімдерде қарайды. Талаптарға сәйкес келмеген жағдайда өтінім бас тарту себептерін көрсете отырып, Тапсырыс берушіге қайтарылады.
Өтінім расталғаннан кейін хатшы айқындалады, ол Комитеттің ішкі регламентінде көзделген мерзімдерде конкурстық немесе аукциондық құжаттаманы, Мемлекеттік сатып алуды жүргізуге жауапты Комитет қызметкерлері мен Тапсырыс беруші тарапынан үміткерлер қатарынан конкурстық немесе аукциондық комиссияны бекіту жөніндегі, сондай-ақ өткізілетін сатып алу туралы хабарландыруларды мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастыру жөніндегі іс-шараларын жүзеге асырады.
Бұдан әрі, Тапсырыс беруші қабылдаған шешімнің негізінде конкурстық немесе аукциондық құжаттаманы талқылау кезеңінде әлеуетті өнім берушілер тарапынан сұрау салулар мен ескертулер келіп түсуіне қарай конкурстық немесе аукциондық құжаттамаға тиісті өзгерістер енгізіледі не ережелерге түсініктемелер беріледі немесе өзгерістер енгізудің мүмкін еместігі туралы себептер көрсетіле отырып, қайтарылады.
Ал әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін, әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін толықтыруларды қарау, сараптамалық қорытындыны ескере отырып, конкурстық немесе аукциондық комиссияның тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер бойынша шартты жеңілдіктерді есептеу және қорытындылау рәсімдері, , Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламалар бойынша шешімдер қабылдау, оларға қарсылық жолдау, сот рәсімдері Тапсырыс берушілер тұлғасындағы ұйымдастырушылармен бірдей сол тәртіпте және мерзімдерде жүзеге асырылады.
Конкурстық құжаттамада әлеуетті өнім берушілердің санын шектеуге әкеп соғатын мемлекеттік сатып алу шарттарын белгілеуге тыйым салынады, бұл норма «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабында бекітілген.
Республикалық маңызы бар Бірыңғай ұйымдастырушы өткізген орталықтандырылған мемлекеттік сатып алу статистикасына жүгіне отырып, өткізілетін сатып алудың тұрақты өсуі мен сапасы туралы бекітуге болады. Мәселен, 2020 жылы Комитет жалпы сомасы 160105,9 млн теңгеге 2153 сатып алуды, 2021 жылы 206896,2 млн теңгеге 4148 сатып алуды, ал 2022 жылғы қыркүйектегі жағдай бойынша 248002,8 млн теңгеге 3830 сатып алуды өткізді. 2021 жылғы республикалық маңызы бар бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын сатып алулардың пайыздық арақатынасында 2020 жылмен салыстырғанда 92% -. құрады.
Бірыңғай ұйымдастырушыға орталықтандырылған мемлекеттік сатып алу жүйесінде Тапсырыс беруші мен әлеуетті өнім берушілер арасында мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаттарын жай тұрақты сақтап ғана қоймай, Тапсырыс берушімен бірлескен конкурстық және аукциондық комиссиялар құру жолымен әлеуетті өнім берушілер тобын негізсіз шектеуге, сыбайлас жемқорлықтың байқалуына мүмкіндік бермейтін, әлеуетті өнім берушілерге негізсіз және артық талаптар қойлуына жол бермейтін, делдалдық рөлі берілген. Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алуды жинақтау және шоғырландыру Бірыңғай ұйымдастырушылардың мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруда бірыңғай тәсілді қалыптастыруға және тұтастай алғанда мемлекеттік сатып алудың бүкіл жүйесін жетілдіруге мүмкіндік береді.
Өз кезегінде Мемлекет басшысы 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына жолдауында мемлекеттік сатып алудың сапалы жаңа жүйесін құруды және ең төменгі баға емес, сатып алынатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы, сондай-ақ мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордың сатып алуларын бірыңғай платформаға көшіру басымдыққа ие болуға тиістігі тапсырылды. Жаңа тәсілдерді іске асыру үшін «Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа Заң қабылдау талап етіледі, бұл бірыңғай ұйымдастырушылардың функцияларды іске асырудағы жаңа кезеңін білдіреді.
Баяндалғанды ескере отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде Бірыңғай ұйымдастырушы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге, мемлекеттік сатып алудың айқындылығы, ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз етуге, олардың тиімділігі мен нәтижелілігін арттыруға жағдай жасайды, сондай-ақ барлық әлеуетті өнім берушілердің сатып алуларға қатысу үшін тең мүмкіндіктер бере отырып, бәсекелестік ортаны кеңейтеді.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінің Төраға орынбасары Ж. Сапарова