
ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары-Қаржы министрі Ә. Смайыловтың бұйрығымен МКК төрағасының орынбасарлары Өмірзақ Бейспеков, Талғат Мамаев және Жайдар Инкербаев болды.
МКК ұжымына комитет төрағасының жаңадан тағайындалған орынбасарларын Қаржы министрлігінің Жауапты хатшысы Ерұлан Жамаубаев таныстырды.
Е. Жамаубаев МКК төрағасының орынбасарлары өздеріне жүктелген тапсырмаларды орындайды деп тілек білдірді.
Өмірзақ Көбегенұлы Бейспеков 1963 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген, ҚР ҰҚК КВШ-ын бітірген, кеден қызметінің полковнигі. Тағайындалғанға дейін ҚР ҚМ МКК Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.
Талғат Шәріұлы Мамаев 1977 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің түлегі, шет тілдерін білетін экономист.
Тағайындалғанға дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті цифрландыру және мемлекеттік қызметтер департаментінің директоры қызметін атқарды.
Жайдар Дабылұлы Инкербаев 1977 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын және Әл-Фараби Атындағы Қазұу Қазақ ұлттық университетін бітірген, мамандығы-экономист, заңгер, экономика ғылымдарының кандидаты.
Тағайындалғанға дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу комитеті төрағасының орынбасары болды. Ағымдағы жылдың 5 сәуірінен бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік сатып алу комитеті төрағасының міндетін атқарды.

ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі
8 (7172) 75-03-75