
Бүгін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев бюджеттік процесс саласындағы интегратордың («Электрондық қаржыландыру орталығы» АҚ) алаңында Қаржы министрлігін цифрландыру мәселелері бойынша кеңес өткізді.
Кездесуге Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Б.Мусин, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрлері және ведомстволық бағынысты ұйымдар («Электрондық қаржыландыру орталығы» АҚ және «Ақпараттық-есептік орталық» АҚ) қатысты.
Отырыс аясында бюджетті жоспарлау және атқару, мемлекеттік сатып алу, салық және кедендік әкімшілендіру рәсімдерін автоматтандыру мәселелері, сондай-ақ Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі цифрландыру жөніндегі тапсырмасын орындау барысы қаралды.
Отырыс қорытындысы бойынша Министрлікті цифрландыру жоспарлары мен Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында жоспарланған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуді қамтамасыз ету бойынша бірқатар тапсырмалар берілді.