
Жиынға Қаржы, Сыртқы істер, Ұлттық экономика, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктердің өкілдері, «Астана» халықаралық қаржы орталығы, Ұлттық банк және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінінің өкілдері қатысты.
Қатысушылар Мемлекет басшысының «Астана» халықаралық қаржы орталығын басқару жөніндегі кеңес отырысында айтқан тапсырмаларын орындалу ретін қарастырды. Сондай-ақ халықаралық қаржы орталығынның шетелдік серіктестерімен өзара қарым-қатынасы мен отандық қаржы жүйесін әлемдік инфрақұрылымға қосу мәселесі талқыланды және Халықаралық Валюта Қорының Кавказ, Орталық Азия және Моңғолия үшін әлеуетті дамыту орталығының мәселелері қаралды.
Сөз соңында Ерұлан Жамаубаев талқыланған мәселелерді қорытындылап, мемлекеттік органдарға «Астана» халықаралық қаржы орталығымен бірлескен жұмысты жалғастыруды тапсырды.