
Бүгін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген тапсырмаларын іс жүзінде жүзеге асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді.
Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі және «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамы өкілдерінің қатысуымен «Балаларға арналған – ұлттық қор» жобасын іске асырудың механизмдері мен негізгі тәсілдері талқыланды.
Талқылаудың қорытындысы бойынша Ерұлан Жамаубаев аталған жобаны белгіленген мерзімге дейінгі талдау бойынша бірқатар тиісті тапсырмалар берді.