Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев халықаралық қаржы корпорациясының өкілдерімен кездесуі

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев халықаралық қаржы корпорациясының өкілдерімен кездесуі

Халықаралық қаржы корпорациясы тарапынан кездесуге: Халықаралық қаржы корпорациясының Таяу Шығыс, Орталық Азия, Түркия, Ауғанстан және Пәкістан бойынша өңірлік Вице-президенті – Хела Шейхроу, Халықаралық қаржы корпорациясының Орталық Азия бойынша өңірлік өкілдігінің басшысы – Кассандра Колберт, сондай – ақ Халықаралық қаржы корпорациясының Қазақстандағы өкілдігінің басшысы-Екатерина Бенджамин қатысты.

Халықаралық қаржы корпорациясы Дүниежүзілік Банктің тобына кіреді және қызметі негізінен дамушы елдердің жеке секторына бағытталған ірі жаһандық даму институты болып табылады.

Қазақстандағы Халықаралық қаржы корпорациясы жұмысының нәтижелері мен жоспарлары атап айтқанда, Транскаспий халықаралық көлік маршрутының өткізу қабілетін арттыру жөніндегі ұсыныстары талқыланды.

Қорытындылай келе, Премьер-Министрдің Орынбасары Қазақстан Халықаралық қаржы корпорациясымен өзара әрекеттестікті жоғары бағалайтынын және Қазақстанның тұрақты дамуы мақсатында одан әрі жемісті ынтымақтастыққа үміттенетінін атап өтті.