«Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншіктің мемлекеттік мониторингі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы (бұдан әрі - Жоба) «Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншіктің мемлекеттік мониторингі туралы» Қазақстан Республикасының Заңынан мониторингтің түрі ретінде тікелей зерттеулер (мониторинг объектісінің орналасқан жері бойынша) үшін тәуелсіз консультанттарды мемлекеттік сатып алу арқылы тарту жолымен базалық кешенді зерттеуді алып тастауды көздейді.
Түзетулер Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары А.Ә. Смайылов 2020 жылғы 12 тамыздағы № 20-12/3487 бекіткен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылға арналған республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебіне Қазақстан Республикасы Парламентінің және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің ұсынымдарын орындау жөніндегі Жол картасының 3-тармағына сәйкес мемлекеттік органдарға консалтингтік қызметтерге бюджет қаражатын жоспарлаудың тиімділігін бақылауға алуды орындау жөніндегі толық орындауға мүмкіндік береді.
Ұсынылған жобаны қабылдау еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң серпін береді. Атап айтқанда, Жобаны іске асыру мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуды азайтады және базалық кешенді зерттеулер жүргізу үшін консалтингтік қызметтерді тарту бойынша шығындарды алып тастауға әкеледі.
Жобаны іске асыру мақсаты меншіктің мемлекеттік мониторингінің түрі ретінде базалық кешенді зерттеуді алып тастау болып табылады.
Мемлекет басшысының 2022 жылғы 21 қаңтардағы сөзінде: «Өндіріске инвестиция салу, сапалы жұмыс орындарын ашу және экспорттық әлеуетті арттыру бағытындағы игі істерге жауап ретінде мемлекет жеке меншікті қорғау бойынша кепілдікті арттыруға, тұрақтылық пен мемлекеттік реттеудің болжамдылығын қамтамасыз етуге, бәсекелестікті әкімшілік ресурстардың араласуынан, жемқорлық пен фаворитизмнен қорғауға дайын».
Жобаға реттеушілік саясаттың консультативтік құжатын әзірлеу жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында (www.legalacts.egov.kz) (ID14230136) 2022 жылғы 12 қыркүйекте орналастырылған.
Жобаны жария талқылау 2022 жылғы 3 қазанға дейін өткізіледі.