Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының нақты мәселелері жөнінде кеңес

Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының нақты мәселелері жөнінде кеңес

Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған кеңес өткізді. 

Кеңеске Қаржы, Ғылым және жоғары білім, Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Ұлттық экономика министрліктерінің өкілдері мен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің, «Самұрық-Қазына» АҚ, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ өкілдері қатысты. 

Кеңес барысында Мемлекет басшысының бірқатар тапсырмалары, атап айтқанда, мемлекеттік шығындардың әлеуметтік-экономикалық әсерін талдау әдістемесі және «Балаларға арналған ұлттық қор» жобасын іске қосу мәселесі қаралды. 

Сөз соңында Е. Жамаубаев мемлекеттік шығындардың әлеуметтік-экономикалық әсерін талдау бойынша жұмысты жалғастыруды және «Балаларға арналған ұлттық қор» жобасын іске асыру тетігін егжей-тегжейлі әзірлеуді тапсырды.