Салықтық кезең үшін түскен валюталық түсімнің кемінде 50 пайызын айырбастаған кезде қосылған құн салығының асып кетуін қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдануға құқығы бар шикізат экспорттаушылардың тізбесі енгізілді БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

Салықтық кезең үшін түскен валюталық түсімнің кемінде 50 пайызын айырбастаған кезде қосылған құн салығының асып кетуін қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдануға құқығы бар шикізат экспорттаушылардың тізбесі енгізілді БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

«Салықтық кезең үшін түскен валюталық түсімнің кемінде 50 пайызын айырбастаған кезде қосылған құн салығының асып кетуін қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдануға құқығы бар шикізат экспорттаушылардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы

 

Жоба «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексіне және
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы»
(Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексін қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 20 желтоқсандағы және 2022 жылғы 11 шілдедегі Заңдарына сәйкес әзірленді, оған сәйкес
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) салықтық кезең үшін түскен валюталық түсімнің кемінде 50 пайызын айырбастаған кезде қосылған құн салығының асып кетуін қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдануға құқығы бар, шикізат экспорттаушылар үшін Салық кодексінің
434-бабына түзетулер енгізілді.

Жобаны қабылдау республикалық бюджеттен қаржы қаражатын бөлуді талап етпейді.

Жоба теріс әлеуметтік-экономикалық және (немесе) құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

Жобаның мақсаты салықтық кезең үшін түскен валюталық түсімнің кемінде 50 пайызын айырбастаған кезде қосылған құн салығының асып кетуін қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдануға құқығы бар 429-бабы
2-тармағының шарттарына сәйкес келетін шикізат экспорттаушылардың  тізбесін бекіту болып табылады.

Жоба 2022 жылғы 1 тамызда мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында, сондай-ақ 2022 жылғы 29 шілдеде ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналасқан. (http://legalacts.egov.kz) орналасқан (14169304).