Польша тәжірибесін ескере отырып, жергілікті өзін-өзі басқаруды жетілдіру тәсілдері

Польша тәжірибесін ескере отырып, жергілікті өзін-өзі басқаруды жетілдіру тәсілдері

100 нақты қадам Ұлт жоспарын іске асыру мақсатында 2018-2020 жылдары қазынашылық органдарында ауылдық округ деңгейінде коммуналдық меншікті басқарумен дербес бюджеттер енгізілді. Осылайша, жергілікті маңызы бар өзекті мәселелерді шешуде жергілікті өзін-өзі басқару органдары үшін өкілеттіктер кеңейтіліп, қаржылық және экономикалық дербестік ұсынылды.

Жергілікті өзін-өзі басқару органдарын енгізу кезеңінде Қаржы министрлігі Ұлттық экономика министрлігімен және әкімдіктермен бірлесіп бірқатар облыстарда облыстар, аудандар мен ауылдық округтер әкімдері үшін форумдар ұйымдастырды.

Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының бес мыңнан астам мамандары оқудан өтті, оларға жергілікті өзін-өзі басқару бюджеттерін өз бетінше жүргізу бойынша жұмыс механизмдері түсіндірілді, яғни практикалық және консультативтік көмек көрсетілді, құзыреті шегінде бюджеттерді жоспарлау және орындау мәселелері бойынша семинарлар мен дөңгелек үстелдер өткізілді.

Қазынашылықтың интеграцияланған ақпараттық жүйесі, сондай-ақ "Қазынашылық-Клиент" ақпараттық жүйесінің барлық бизнес-процестері пысықталды.

Бұл жұмыстардың барлығы бюджеттің атқарылуына сапалы және уақтылы қызмет көрсету, сенімді есептілікті қалыптастыру, мемлекеттік мекемелермен жұмысты тиімді ұйымдастыру мақсатында жүргізілді.

Қазынашылықтың ақпараттық жүйелерінде бюджеттің төртінші деңгейін енгізу екі кезеңде өтті:

  • бірінші кезең 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап, төртінші деңгейдегі 1062 бюджет енгізілді (халық саны 2000 адамнан астам).;
  • екінші кезең 2020 жылдың 1 қаңтарынан басталып, төртінші деңгейдегі 1338 бюджет енгізілді (халық саны 2000 адамнан кем, барлық жерде).

Бүгінгі таңда олардың саны 2346 құрайды, оның ішінде 135 ЖӨБ салықтық және салықтық емес түсімдер есебінен дербес қамтамасыз етіледі, оның ішінде 51 – і ауданға бюджеттік алып қоюларды аударады.

Жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджетін қалыптастыру үшін ауылдық округ бюджетіне салықтың 6 түрі берілді:

  1. Төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы,
  2. жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық,
  3. жер салығы,
  4. заңды тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық,
  5. жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық,
  6. сыртқы (көрнекі) жарнаманы аудандық маңызы бар қаладағы, ауылдағы, кенттегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте; аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің аумақтары арқылы өтетін жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде; елді мекендерден тыс үй-жайлардың шегінен тыс және автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс ашық кеңістікте орналастырғаны үшін төлемақы жалпы пайдаланудағы, және салықтық емес түсімдердің 14 түрі (Әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдері салатын айыппұлдар; жеке және заңды тұлғалардың ерікті алымдары; аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық меншігінен (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігінен) түсетін кірістер және аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттеріне салықтық емес басқа да түсімдер, кенттің, ауылдық округтің әкімі).

2021 жылдың көрсеткіштері бойынша жергілікті өзін – өзі басқару бюджетіне түсімдер 186,8 млрд.теңгені құрады, оның ішінде 31,9 млрд. теңге – өз кірістері, нысаналы трансферттер – 87,8 млрд.тенге, субвенциялар – 65,9 млрд.тенге.

Covid – 19 пандемиясына қарамастан, 2021 жылы 2020 жылмен салыстырғанда салық түсімдерінің небәрі 3,7% - ға азайғаны байқалады (2020 жылы түсімдердің көлемі 252,1 млрд.теңгені құрады, оның ішінде салық түсімдері -32,6 млрд. теңге). Бұл негізінен 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 3 жыл мерзімге АСР қолданатын шағын кәсіпкерлік субъектілерінің табыстарына салық төлеуден босатуға байланысты төлем көзінен салық салынбайтын табыстар бойынша ЖТС түсімдерінің 47,3% - ға немесе 4,6 млрд.теңгеге кемуіне байланысты.

Салыстырмалы түрде 2019 жылы түсімдер көлемі 163,6 млрд.теңгені құрады, оның ішінде салықтық түсімдер – 33,0 млрд. теңге, нысаналы трансферттер – 59,0 млрд. теңге, Субвенциялар – 71,2 млрд. теңге.

Ауылдық округтер бюджеттерінің шығыстары аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының жұмыс істеуіне; әр шаруашылық бойынша есепке алуды жүзеге асыруға; азаматтық хал актілерін жазу жөніндегі қызметті қамтамасыз етуге; шұғыл жағдайларда сырқаты ауыр адамдарды дәрігерлік көмек көрсететін ең жақын денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізуді ұйымдастыруға; мұқтаж азаматтарға үйінде әлеуметтік көмек көрсетуге; мемлекеттік тұрғын үй қорын сақтауды аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округтар қорының сақталуын қамтамасыз ету; елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету; жерлеу орындарын күтіп-ұстау және туысы жоқ адамдарды жерлеу; елді мекендерде көшелерді жарықтандыру; елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру; жергілікті деңгейде мәдени-демалыс жұмыстарын қолдау; аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау; елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыру; жергілікті деңгейде халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету; жергілікті деңгейде дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шараларды өткізу; ауылдық елді мекендерді жайластыруды шешу үшін іс-шараларды іске асыру.

2021 жылы шығыстар көлемі 187,3 млрд. теңгені, оның ішінде жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер бойынша – 79,4 млрд. теңгені; тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық - 49,2 млрд. теңгені; көлік және коммуникациялар – 21,1 млрд. теңгені; мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік – 6,8 млрд. теңгені; әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету – 1,8 млрд. теңгені құрады; денсаулық сақтау – 0,03 млрд. теңге; өзге де шығыстар-21,3 млрд.теңге.

Жергілікті өзін-өзі басқару бюджеттерін қалыптастыру процесі үнемі жетілдіріліп отырады, салық базасы кеңеюде.

Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуда шет елдердің, атап айтқанда Польшаның тәжірибесі зерттелді.

Польшада субұлттық Үкіметтің үш деңгейлі жүйесі бар. Бірінші деңгей-гмин, екінші деңгей-повят, үшінші деңгей-воеводства.

Польшадағы аймақтарды басқарудың қолданыстағы жүйесі 16 воеводстводан, 314 повят, 1566 ауылдық қауымдастықтан, 608 қалалық ауылдық қауымдастықтан, 239 қалалық қауымдастықтан, повят құқығындағы 66 қаладан тұрады.

Польша мен Қазақстанның ЖӨБ бірліктерінің саны бірдей, Польшада – 2477, Қазақстанда – 2346.

Жергілікті өзін-өзі басқарудың негізгі бірлігі гмина болып табылады. Гмина басқармасы гмина атқарушы органы болып табылады. Гминді бургомистр (ірі елді мекеннің әкімі) немесе войт (ауылдық округтің әкімі) басқарады.

Саны бойынша гмина елді мекендерде (ауылдар, кенттер, қалалар) 2 мыңнан 2 млн адамға дейін болуы мүмкін.

Гминдер кеңістікті жоспарлауға, жылжымайтын мүлікті басқаруға, қоршаған ортаны және табиғатты қорғауға, су ресурстарын басқаруға, білім беруге (балабақшалар, бастауыш және жалпы орта білім), денсаулық сақтауға (емханалар), әлеуметтік көмекке (мұқтаж адамдарға көмек және көмек, уақытша тұру орталықтары), муниципалды жолдарға, көшелерге, көпірлерге, алаңдарға және қозғалысты ұйымдастыруға жауап береді, сумен, электрмен, газбен, жылумен жабдықтау, су бұру, тазалау жұмыстары, ҚТҚ жинау және кәдеге жарату, абаттандыру, көшелерді жарықтандыру, муниципалды полиция, зираттарды күту, жергілікті қоғамдық көлік, муниципалдық тұрғын үй (әлеуметтік пәтерлер құрылысы, ЖТҚ үшін жер беру).

Гмин кірістерінің көздері мыналардан тұрады: меншікті кірістер, өзін-өзі басқару органдарының өз өкілеттіктерін орындау үшін жалпы мемлекеттік субвенциялар (білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, жолдар және т.б.), мемлекеттік бюджеттің нысаналы дотациялары.

Муниципалдық меншікке салынатын салықтарға мүлік, жер және ғимарат салығы, ауылшаруашылық жері, орман, азаматтық-құқықтық операциялар, көлік құралдары, мұрагерлік, сыйға тарту және т.б. жатады.

Муниципалитеттер салық ставкаларын жоғарғы салық шегінде белгілеуге және белгілі бір ерекшеліктерге жол беруге белгіленген заңды түрде құқылы.

Гмин өз кірістері: КТС үлесінен (6,71%), НДФЛ үлесінен (38,23%), жылжымайтын мүлікке, ауыл, орман шаруашылығына, көлік құралдарына, мұраға және қайырымдылыққа салықтардан, азаматтық-құқықтық мәмілелерден, сондай-ақ мемлекеттік функцияларды орындаудан түсетін кірістердің 5% - ынан, өзге де кірістерден тұрады.

Жалпы субвенция оқуға, базалық сомасы 60% шамамен, қосымша сомасы 40% шамамен теңестіруге, туралауға бағытталған.

Нысаналы субсидиялар мемлекеттік басқаруды орындауға, өздік міндеттерді қоса қаржыландыруға, келісімдер негізінде гминдік міндеттерді  орындауға бағытталған.

Субвенциялар мен субсидияларды бөлу Польшаның Қаржы министрлігімен жүзеге асырылады.

Жалпы субвенцияның барлық бөліктері мемлекеттік бюджетінен халық санына байланысты 60% және ЖӨБ данасының инвестициялық жүктемесіне байланысты 40% ЖӨБ данасына тікелей аударылады.

Субсидиялар воеводтар (аймақта Үкімет өкілі) арқылы бөлінеді.

ЖӨБ органдары жоспарланған тапшылықты қаржыландыруға, жылда болатын бюджеттің уақытша тапшылығын жабуға, Европалық Одағы бюджетінен  іс-шараларды алдын ала қаржыландыруға, бағалы қағаздарды шығару және алынған кредиттері мен қарыздарына байланысты бұрын жасасқан міндеттемелерді өтеуге кредиттер, қарыздар алып және бағалы қағаздар шығара алады.

Жоспарланған дефициттерді қаржыландыру мақсатында алынған және шығарылған кредиттер, қарыздар және бағалы қағаздар олар алынған жылы өтелуі тиіс.

Сондай-ақ, гминдардың қалыптасқан бюджеттерін алдына ала тексеретін аймақтық Есеп палаталары бар. Олар гмин үкіметімен қабылданатын бюджет параматерлерін пысықтау бойынша ескертулер мен ұсыныстар береді. Сонымен қатар, сеймиктармен (маслихаттар) келесі жылға бюджет жобасы қабылдамаған жағдайда, гминдар бюджетінің бекіту бойынша өкілеттіктері берілген.

Жалпы, Польша гминдарға (аулдар) кейбір қаржылық тәуелсіздікті беріп жергілікті өзін-өзі басқару данасын күшейту бойынша жақсы реформа өткізді. Поляк  гминдар жақсы жұмыс істейтін әкімшілік бірлік болып табылады және халық оны оң бағалайды.

Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасын әзірлеу шеңберінде  біз сондай-ақ ЖӨБ бюджетіне салықтардың эмиссия, мүлік салығы сияқты және КТС бөлігін облыстық бюджетінен аударуды ұсынамыз.

2022 жылдың басынан жергілікті өзін-өзі басқару бюджетіне кірістердің күтілетін өсімі шамамен 13,5 млрд.теңгені құрайтын 4 түрі төлемдері бойынша (бірыңғай жер салығы, жерді пайдаланғаны үшін төлем, жерді стаудан түсетін түсімдер, жерді сату үшін төлем) түсімдері берілді.

Жалпы алғанда, жергілікті өзін-өзі басқаруды қаржыландыру мен бюджеттерді қалыптастыру бойынша озық тәжірибені енгізу Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қаржылық тәуелсіздігін нығайтуға мүмкіндік береді.