
Іссапар барысында ҚР ҚМ Әдеп жөніндегі уәкілі А. Қалиясовтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық бөлімшелерінің басшыларымен кездесуі өтті.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін бұзу профилактикасы, оған жол бермеу, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдерімен және басшылық құрамның қатысуымен аумақтық бөлімшелердің мемлекеттік қызметшілеріне түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, мемлекеттік қызметшілер мен өзге де азаматтарды қабылдау жүзеге асырылды.
Кездесу қорытындысы бойынша Әдеп жөніндегі уәкіл А. Қалиясов аумақтық бөлімшелердің қызметкерлері қойған сұрақтарға жауап беріп, мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманың және Әдеп кодексінің нормаларын сақтауға шақырды.