«Аудитті дамытудағы тренд – қоғамдық қадағалау»

«Аудитті дамытудағы тренд – қоғамдық қадағалау»

Қазақстан Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) стандарттарына ұмтылады, Еуропалық Парламент пен міндетті аудиттерді өткізу жөніндегі кеңестің директивасы барлық сыртқы аудиторлар мен аудиторлық компаниялар қоғамдық қадағалауға жататынын белгілейді.

ТМД Экономикалық кеңесi жанындағы Экономикалық мәселелер жөнiндегi комиссияның отырысында 2019 жылғы 18 желтоқсанда ТМД-ға қатысушы мемлекеттерде міндетті аудит жүргізетін аудиторлар мен аудиторлық ұйымдарды қадағалауды жүзеге асыру туралы ақпарат қаралды, ол ТМД елдеріне аудиторлық қызмет саласындағы саясатты іске асыруды есепке алу үшін жіберілді.

Аудит саласында қызметтердің бірыңғай нарығын қалыптастыру шеңберінде 2022 жылғы 19 сәуірде Мәскеуде Еуразиялық экономикалық одақ аумағында аудиторлық қызмет туралы келісімге қол қойылды.

Тараптар аудиторлық ұйымдар жұмысының сапасын сыртқы бақылауға, оның ішінде осындай бақылауды жүзеге асыратын органға қойылатын талаптарды белгілеу қажеттігі туралы уағдаласты.

Қазақстан Республикасы корпоративтік басқару әдісімен Аудиторлық қызмет жөніндегі кәсіби кеңес енгізу жолымен аудитті дамыту бойынша қадам жасады.

Мемлекет басшысы 2020 жылғы 3 шілдеде қол қойған «Қазақстан Республикасының кейір заңнамалық актілеріне аудиторлық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  Заң аудиторлық қызметтердің сапасын және бақылауды арттыруға, қазақстандық аудиторлық есептерді әлемде тануға және инвестициялық тартымдылықты жақсартуға бағытталған.

Кәсіби кеңестің қызметі аудитті дамытудың маңызды факторы болып табылады.

Мысалы, Кәсіби кеңес енгізілгенге дейін қолданыстағы аудит жүйесінің цифрлар сапа нәтижелерін айқын көрсетеді – Заң күшіне енгенге дейін барлық аудиторлар 1869 құрады, аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттау жүргізілген 24 жылдың 4 жылында 1367 біліктілік куәлігі берілді, бұл 73%-ды құрайды.

Сондай-ақ аудиторлық ұйымдардың 2021 жылғы есептілігінің деректеріне теріс пікірі бар 19 мың аудиторлық есептің 1%-дан азы берілді, бұл аудиторлық ұйымдарға деген сенімді төмендетеді.

Аудит инвесторларға да, аудиттелетін адамға да кепілдік беруі тиіс екенін бәрі түсінеді.

Кәсіби кеңес аудит сапасын жақсартуға бағытталған, өйткені осы органның Басқарма құрамына әртүрлі мүдделі органдар кіреді, сондай-ақ барлық кәсіби ұйымдар кіруі мүмкін.

Көріп отырғанымыздай, қабылданып жатқан шаралар аудит жүйесін жетілдіруге бағытталған, бұл сөзсіз аудиторлық компанияға бәсекелесуге көмектеседі. Алайда, барлық құқық қолданушылар өзгеруге дайын емес және қарсы.

Қаржы министрлігі түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда және аудиторлық қызметтердің сапасын арттыру үшін одан әрі реформаларды қарауға ашық.