Есеп комитетін Жоғарғы есеп палатасы ретінде қайта құру бойынша жиын

Есеп комитетін Жоғарғы есеп палатасы ретінде қайта құру бойынша жиын

Жиынға бірқатар министрліктердің, атап айтқанда, қаржы, ұлттық экономика, әділет, Есеп комитеті, мемлекеттік қызмет, стратегиялық жоспарлау және реформалар салаларының өкілдері қатысты.

Отырыс барысында Жоғарғы есеп палатасына бюджеттік және өзге де қаражатты бақылау бойынша қосымша өкілеттіктерді беру, сондай-ақ мемлекеттік аудит жүйесін жетілдірудің басқа да мәселелері талқыланды.

Талқылау қорытындысы бойынша Е.Жамаубаев мүдделі мемлекеттік органдарға заңнамада белгіленген тәртіппен Үкіметтің қарауына тиісті заңнамалық түзетулердің келісілген пакетін енгізуді тапсырды.