Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы Хаттама мен Келісімді ратификациялау туралы

Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы Хаттама мен Келісімді ратификациялау туралы

Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында «Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы Хаттама мен Келісімді ратификациялауға» қатысты бірқатар Заң жобаларын ұсынды.

Өз сөзінде Е. Жамаубаев Хаттамамен 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт және 2017 жылғы 11 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартқа сәйкес 2011 жылғы 19 желтоқсандағы Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы қолма-қол ақша мен ақша құралдарын өткізу кезінде қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы шарттың орындалуына, сондай-ақ оларда қолданылатын терминология мен тұжырымдамалық аппарат өзгерістер енгізілгенін атап өтті.

Келісімге келетін болсақ, ол Еуразиялық экономикалық одақ кедендік шекарасы арқылы қолма-қол ақша қаражаты мен ақша құралдарын өткізу кезінде өзара іс-қимыл және ақпарат алмасу тәртібін айқындады. Келісімде өзара іс-қимыл және ақпарат алмасу шеңберінде алынған ақпараттың құпиялылығы, оны қорғау, сақтау және жою туралы нормалар, сондай-ақ мұндай ақпарат рұқсатсыз таратылған жағдайда мүше мемлекеттер қабылдайтын шаралар қамтылған.