
Отырысқа ауыл шаруашылығы, Ұлттық экономика, Қаржы, Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Экология, геология және табиғи ресурстар министрліктері мен «Атамекен» » Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері және Мәжіліс депутаттары қатысты.
Бірқатар мәселелер, атап айтқанда, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің нысаналы мақсатын өзгерту және жерді пайдалану кезінде қоршаған ортаға зиян келтіру мәселелері қаралды.
Қорытындылай келе, Е.Жамаубаев бірқатар ұсыныстар жасап, Ауыл шаруашылығы министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен және «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен осы мәселелерді одан әрі пысықтауды және ортақ ұстаным әзірлеуді тапсырды.