
Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Е.К.Жамаубаев 2030 жылға дейінгі Салық саясаты тұжырымдамасының жобасын және жаңа Салық кодексін әзірлеу мәселелері бойынша кеңес өткізді.
Осылайша, 2030 жылға дейінгі Салық саясаты тұжырымдамасының жобасына ұсыныстар әзірлеу үшін жұмыс тобы құрылды, оның құрамына Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, мемлекеттік органдар мен бизнес-қоғамдастық өкілдері кірді. Бұл кешенді жұмыс жұртшылықпен бірлесіп, сарапшылар мен бизнес-қоғамдастық өкілдерінің кең ауқымын тарту арқылы жүзеге асырылатын болады.
Жалпы, Салық саясатының 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасының жобасы мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп кешенді жұмыстарды жүзеге асыруды жаңартуға мүмкіндік береді.