ҚР Қаржы министрлігі Бюджеттік кредиттеу, Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры және қаржы секторы мәселелері бойынша өзара іс-қимыл департаментінің директоры болып Арғынғазинов Айбол тағайындалды

ҚР Қаржы министрлігі Бюджеттік кредиттеу, Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры және қаржы секторы мәселелері бойынша өзара іс-қимыл департаментінің директоры болып Арғынғазинов Айбол тағайындалды

ҚР Қаржы министрлігі Бюджеттік кредиттеу, Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры және қаржы секторы мәселелері бойынша өзара іс-қимыл департаментінің директоры болып Арғынғазинов Айбол тағайындалды. 

А.А. Арғынғазинов Жетісу облысында дүниеге келген. Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің экономика факультетін тәмамдаған. Экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесінің ізденушісі.

2015-2017 жылдары – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Макроэкономикалық талдау және болжамдау департаментінің сарапшысы.

2017-2019 жылдары – «Қазконтент» АҚ талдау және мониторинг бөлімінің басшысы, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ макроэкономикалық зерттеулер және болжамдау орталығы директорының орынбасары, Талдау және әлемдік экономика орталығының директоры.

2019 жылы – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кеңесшісі.

2019-2022 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің консультанты, сектор меңгерушісі.

2022 жылдан қазіргі тағайындауға дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының хатшылығының сектор меңгерушісі қызметін атқарды.