
Бейсембаев Олжас 1987 жылы Көкшетау қаласында дүниеге келген. 2009 жылы Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетін қаржы мамандығы бойынша, 2015 жылы Англияның Рединг университетінде «Болашақ» бағдарламасы бойынша магистратураны тәмамдаған.
Еңбек жолын 2009 жылдың қазан айында Ақмола облысының қаржы басқармасында жетекші маман болып бастады.
2011 жылдың сәуір айында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне бюджеттік саясат және жоспарлау департаментінің сарапшысы қызметіне ауыстырылды.
2012-2015 жылдар аралығында Қаржы министрлігі, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Бюджеттік жоспарлау және болжау департаментінің бас сарапшысы болып жұмыс істеді.
2015 жылғы желтоқсанда Қаржы министрлігі Мемлекеттік органдардың бюджет департаментінің бөлім бастығы болып тағайындалды.
2017 жылғы қаңтардан 2019 жылғы маусымға дейін - Бюджеттік жоспарлау департаменті директорының орынбасары.
2019 жылғы маусымнан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының бюджеттік кредиттеу және қаржы секторының өзара іс-қимыл департаменті директорының орынбасары қызметін атқарды.