
Баспасөз релизі
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2022 жылғы
8 қыркүйектегі № 932 ««Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 13 желтоқсандағы № 455 «Кәсіби бухгалтерлерге қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» бұйрығын қабылдау туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 8 қыркүйектегі
№ 932 «Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы
13 желтоқсандағы № 455 «Кәсіби бухгалтерлерге қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» бұйрығына өзгеріс енгізу туралы»» бұйрығы қабылданды.
Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы
25 маусымдағы № 291 бұйрығымен бекітілген кәсіби бухгалтерлерге кандидаттарды сертификаттауды жүргізу қағидаларының 10-тармағына сәйкес келтіру мақсатында әзірленді, онда кәсіби бухгалтерлерге кандидаттарды сертификаттауға тіркеу үшін жұмыс өтілін растайтын құжаттардың тізбесі белгіленген.
«Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» ҚР Заңының
22-бабының 4-тармағына сәйкес кәсiби бухгалтерге кандидаттарды сертификат алу үшiн емтихандарға қатысуға жiберу кәсiби бухгалтерлерге қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Осыған байланысты бухгалтерлерді кәсiби бухгалтерге кандидаттарды сертификаттауға дейін кәсіби сертификаттау жөніндегі аккредиттелген ұйым берген сертификаттың болуы жоғарыда көрсетілген заң нормасына сәйкес келтіру үшін алып тасталды.
«Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» ҚР Заңының
22-бабының 1-тармағымен кәсiби бухгалтерге кандидаттарды сертификаттауды сертификаттау жөнiндегi ұйым жүзеге асырады.
Жария мүдделi ұйымның, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасы
бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының бас бухгалтерi лауазымына кәсiби бухгалтер тағайындалады («Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» ҚР Заңының 9 – бабы).