2022 жылғы 8 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамудың және республикалық бюджеттің атқарылуының қорытындылары туралы

2022 жылғы 8 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамудың және республикалық бюджеттің атқарылуының қорытындылары туралы

Бүгін Үкімет отырысында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев ағымдағы жылдың 8 айының қорытындысы бойынша мемлекеттік қаржының атқарылуы туралы баяндады.

Өз сөзінде Е.К. Жамаубаев республикалық бюджет кірістері бойынша жоспар 125 млрд теңгеге артығымен орындалғанын, оның ішінде салықтар – 69 млрд теңгеге, салықтық емес – 56 млрд теңгеге артық орындалғанын баяндады. Атап айтқанда, салықтардың артығымен орындалуының негізгі бөлігі шикі мұнайға қосылған құн салығы және шикі мұнайға экспорттық баж салығына келеді.

Жергілікті бюджеттің кірістері 111,6%-ке орындалып, 3,3 трлн. теңге, яғни қосымша 345 млрд. теңге түсті, оның 323 млрд. теңгесі салыққа тиесілі.

Мемлекеттік бюджет шығыстары 98,4%-ке, республикалық – 99,5%-ке, жергілікті бюджеттер – 97,6%-ке орындалды.

Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 8 айының қорытындысы бойынша. камералдық бақылаумен 8,7 трлн.   теңгеге жуық сомаға 392 мыңға жуық мемлекеттік сатып алу рәсімдері қамтылып, 1 645 аудиторлық іс-шара жүргізілді.

Жүргізілген тексерулер нәтижелері бойынша 249 млрд. теңгеге бұзушылықтар анықталды, оның ішінде 236 млрд. теңгеге мемлекеттік аудит объектілерімен тауарларды жеткізуді, қызметтерді көрсетуді және жұмыстарды орындауды қалпына келтіру, бюджетке өтеу және бухгалтерлік есепте көрсету жолымен бұзушылықтар жойылды.

 Сөз соңында Ерұлан Жамаубаев 2021-2025 жылдарға арналған жекешелендірудің кешенді жоспарының орындалу барысы туралы айтты.