
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2022 жылғы 27 маусымдағы № 129-VII ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңымен «мүгедектер» деген сөздер «мүгедектігі бар адамдар» деген сөздермен және «мүгедекті оңалтудың» деген сөздер «мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың» деген сөздермен ауыстыру бөлігінде «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына өзгеріс енгізілді.
Осыған байланысты, жоғарыда көрсетілген түзетулерді іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен мынадай нормативтік құқықтық актілер:
- «Конкурс немесе аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары шығарылғанға және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге күн сайынғы және (немесе) апта сайынғы қажеттіліктегі тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 677 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2022 жылғы
17 тамыздағы № 844 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2022 жылғы 18 тамызда № 29177 болып тіркелді);
- «Мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдалану қағидаларын және Мемлекеттік сатып алу веб-порталының жұмысында техникалық істен шығу туындаған жағдайда мемлекеттік сатып алу веб-порталының жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 692 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2022 жылғы 17 тамыздағы № 843 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2022 жылғы 17 тамызда № 29159 болып тіркелді);
- «Мемлекеттік сатып алу есептілігін жинау, қорыту және талдау қағидаларын, оның ішінде мемлекеттік сатып алу есептілігін қалыптастыру тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 693 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 784 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2022 жылғы 4 тамызда № 29021 болып тіркелді) қабылданды.