
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі №387 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасымен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі ережесіне толықтыру енгізу көзделеді.
Жобаны әзірлеу үшін өтініштермен жұмысты басқару вертикалын одан әрі дамыту және азаматтар көтеретін жүйелі проблемаларды шешуде Үкіметтің рөлін арттыру мәселесі бойынша Мемлекет басшысының 2022 жылғы 27 шілдедегі № 22-63-10.108 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің 2022 жылғы 8 тамыздағы № 01-18/4030//22-63-10.108 тапсырмалары негіз болып табылады.
Жобаны іске асыру республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржылық шығындарды көздемейді.
Азаматтар көтеретін неғұрлым күрделі жүйелі проблемаларды талдау және анықтау, сондай-ақ оларды жою жөнінде шаралар қабылдау.
Жоба 2022 жылдың 27 тамызда ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz) (https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=14199067) және 2022 жылдың «___» тамызда Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында (www.beta.gov.kz) мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастырылды.