Бүгін Қаржы министрлігінде Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев әріптестерін келе жатқан мерекемен құттықтады.
Мемлекеттік органдар арасындағы республикалық спартакиада жеңімпаздарына Министрліктің Құрмет грамоталары мен алғыс хаттары табысталды.
Салтанатты шара мерекелік концертпен жалғасты.