
«Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 872 Жарлығын іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 маусымдағы № 355 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің регламентіне өзгеріс енгізу көзделеді.
Жоба әлеуметтік маңызы бар мәселелерді жіберіп алу, қолданыстағы заңнамаға қайшы келу, бюджеттен негізсіз шығындар не әлеуметтік маңызы бар жобаларға қаржыландыруды бөлмеу және т. б. туындау қаупін болдырмау ұшін Қаржы және Әділет министрліктерінің қаулы жобаларын қарау мерзімдерін 5 жұмыс күніне дейін ұлғайту мақсатында әзірленді.
Жобаны іске асыру республикалық бюджеттен қаржы қаражатын бөлуді талап етпейді.
Жобаны қабылдау әлеуметтік маңызы бар мәселелерді жіберіп алу, қолданыстағы заңнамаға қайшы келу, бюджеттен негізсіз шығындар не әлеуметтік маңызы бар жобаларға қаржыландыруды бөлмеу және т. б. туындау қаупін болдырмау ұшін Қаржы және Әділет министрліктерінің қаулы жобаларын қарау мерзімдерін 5 жұмыс күніне дейін ұлғайту мүмкіндік береді.
Жоба 2022 жылдың 24 тамызда ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz) (https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=14194681) және 2022 жылдың «___» тамызда Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында (www.beta.gov.kz) мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастырылды.