Ағымдағы жылдың 23 тамызында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Ләззат Рамазанова Қаржы министрлігінің ұжымымен кездесті

Ағымдағы жылдың 23 тамызында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Ләззат Рамазанова Қаржы министрлігінің ұжымымен кездесті

Іс-шараға: "Amanat" партиясының атқарушы хатшысы Қожахметов Шыңғысхан, аппарат басшысының м.а. Қайрат Орынханов, департаменттер мен комитеттердің қызметкерлері қатысты.

Іс-шара "тірі" диалог форматында өтті, онда азаматтарды да, мемлекеттік қызметшілерді де толғандыратын аса өзекті мәселелер талқыланды.

Ләззат Рамазанова қатысушыларды гендерлік саясат тұжырымдамасы аясында жүргізіліп жатқан жұмыстар, гендерлік бюджеттеуді енгізу, мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жетілдіру саласындағы бастамалар, ТДМ енгізу жөніндегі іс-шаралар және т. б. туралы хабардар етті.

Бұдан басқа, Парламент депутаты мемлекеттік қызметшілердің еңбекақы төленуі, оның ішінде өңірлерге ротация кезінде тұрғын үй жағдайын жақсартуға байланысты мәселелерді де назардан тыс қалдырмады, сондай-ақ мемлекеттік қызметші мәртебесін арттыру және жас мамандарды ынталандыру жүйесі мәселелерін қозғады.

Бюджет қаражатын бөлу бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне үлкен дербестік бере отырып, бюджет процесін одан әрі жетілдіру, бюджеттік жоспарлау көкжиегін кеңейту және тұтастай алғанда бюджет саясатының кейбір стандарттары мен қағидаттарын қайта қарау мәселелері неғұрлым талқыланды.

Ләззат Рамазанова атап өткендей, бұл басқарушылық шешімдер қабылдауды жеделдетіп қана қоймай, бюрократияны, еңбек шығындары мен игерілмеуді азайтуға, сондай-ақ елдің инвестициялық тартымдылығын арттыруға мүмкіндік береді.

Өз кезегінде, Қайрат Орынханов "халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын табысты іске асыру факторларының бірі болып табылатын осындай кездесулердің ерекше маңыздылығын атап өтті.

Аппарат басшысының м.а. осындай өзара іс-қимылдың арқасында азаматтар мемлекеттік басқару процесіне белсенді түрде тартылып, соның салдарынан мемлекеттік органдардың халық алдындағы есептілігі күшейе түсетінін атап өтті.

Жалпы, депутат Ләззат Рамазанова министрлік қызметкерлерімен айтылған барлық мәселелерді назарға алды.