«Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 646 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі бұйрығының жобасы

«Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын  беру қағидаларын  бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің  2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 646 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі бұйрығының жобасы

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келтіру мақсатында «Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын  беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 646 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі бұйрығының жобасын әзірледі.

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2022 жылғы 14 сәуірдегі № 410 бұйрығымен Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 144 «Акциздік және есепке алу-бақылау таңбаларын алу, есепке алу, сақтау, беру және импорттаушылардың Қазақстан Республикасына алкоголь өнімін импорттау кезінде есепке алу-бақылау таңбаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттемені, есепті, сондай-ақ осындай міндеттемені есепке алу мен қамтамасыз ету мөлшерін ұсыну қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының Есепке алу-бақылау маркаларын алу, есепке алу, сақтау, беру және өндірушілердің және (немесе) импорттаушылардың Қазақстан Республикасына алкоголь өнiмiн импорттау және (немесе) өндіру кезiнде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы мiндеттемесiн, есебiн ұсыну қағидаларының 17-тармағына өзгеріс енгізілді.

Осы бұйрық ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына орналастырылған: https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id= 14188638 2022 жылғы 18 тамызда.