
Ағымдағы жылдың 19-21 тамызы аралығында Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында Спорт күніне орай мемлекеттік органдар арасында республикалық спартакиада өтті. Спартакиаданың мақсаты мемлекеттік қызметшілер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты насихаттау және дамыту болып табылады.
Спартакиадаға 23 мемлекеттік органның қызметкерлері қатысты. Командалар спорттың алты түрінен жарысты: футзал, волейбол, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, үстел теннисі және бильярд.
Үш күндік жарыстың қорытындысы бойынша спартакиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды:
- волейболдан бірінші орынды Қаржы министрлігінің командасы, екінші орынды Жоғарғы Сот, үшінші орынды ҚР Парламентінің қызметкерлері иеленді;
- тоғызқұмалақтан командалық есепте бірінші орынды Қаржы министрлігінің спортшылары, екінші орынды ҚР Парламенті командасы, үшінші орынды Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің қатысушылары иеленді;
- үстел теннисінен командалық есепте бірінші орынды Қаржы министрлігі, екінші орынды цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, үшінші орынды сауда және интеграция министрлігі иеленді;
- қазақ күресінен командалық есепте Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қызметкерлері жеңімпаз атанды, екінші орынды Қаржы министрлігінің командасы, үшінші орынды Энергетика министрлігі иеленді;
- бильярд бойынша командалық есепте бірінші орынды Премьер-Министр Кеңсесінің қатысушылары, екінші орынды Сыртқы істер министрлігінің қызметкерлері, үшінші орынды ҚР Парламентінің командасы алды.
Жалпы командалық есепте мемлекеттік органдар арасындағы спартакиада көшбасшылары: Қаржы министрлігінің командасы (бірінші орын), ҚР Парламенті (екінші орын), Энергетика министрлігі (үшінші орын).