«Тексерілетін тұлғаға көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актісін жіберу немесе табыс ету, тексерілетін тұлғаның көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылық ұсыну және мұндай қарсылықты қарау қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 21 сәуірдегі № 376 және «Тексерілетін тұлғаға камералдық кедендік тексерудің алдын ала актісін жіберу немесе табыс ету, тексерілетін тұлғаның камералдық кедендік тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылық ұсыну, сондай-ақ мұндай қарсылықты қарау қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» 2021 жылғы 26 сәуірдегі № 413 бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы бұйрығының жобасына
ПРЕСС – РЕЛИЗ
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келтіру мақсатында бүгінгі күні қызметтік хат-хабарларды, оның ішінде өзге мемлекеттік органдардан сұрау салуды қарау рәсімі Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде көзделген.
Бұйрықтың жобасы 2022 жылғы 10 тамызында https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14179294 ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған.
Бұйрық жобасын жария талқылауды өткізу мерзімі – 2022 жылғы 24 тамызға дейін.