«KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамына экспортты қолдау жөніндегі мемлекеттік кепілдік беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасы (ары қарай – Жоба) «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамына сақтандыру төлемдері бойынша берешекті өтеу бойынша оның міндеттемелерін қамтамасыз ету ретінде 210000000000 (екі жүз он миллиард) теңге сомасына және 10 жылға қолданылу мерзіміне экспортты қолдау жөніндегі мемлекеттік кепілдік беру үшін әзірленген.
Осы Жоба нормативтік құқықтық акт болып табылмайды және ашық НҚА интернет-порталында жариялануға жатпайды (http://legalacts.egov.kz).