Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев «Amanat» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің өкілдерінің қатысуымен азаматтарды қабылдады

Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев «Amanat» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің өкілдерінің қатысуымен азаматтарды қабылдады

Онлайн кездесу барысында кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау, бюджеттік қаржыландыру, мемлекеттік аудит және бизнес субъектілеріне салық салу шараларына байланысты мәселелер талқыланды.

Азаматтарды қабылдау барысында бірқатар мәселелер негізінде бірден шешімдер қабылданып, ал кейбір мәселелер мен өтініштер бойынша Е.Жамаубаев тиісті ведомстволар мен бөлімшелердің басшыларына нақты тапсырмалар берді.