Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары– Қаржы министрі бұйрығының жобасына «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы (бұдан әрі – жоба) баспасөз релизі

Жоба республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің ұсыныстары бойынша, сондай-ақ Қызылорда қалалық мәслихатының 2022 жылғы 18 мамырдағы №122-19/2 «Қызылорда қаласының әкімшілік-аумақтық бірлігін басқару схемасын бекіту туралы» және Шымкент қаласы мәслихатының 2022 жылғы 30 наурыздағы №14/128-VII «Шымкент қаласын басқару схемасы туралы» шешімдерімен әзірленді.

Осыған байланысты, бюджет процесін жүзеге асыруды қамтамасыз ету үшін жаңа бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) ашу бөлігінде «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына толықтырулар енгізілді.

Бұйрық жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына орналастырылған http://legalacts.egov.kz) 2022 жылы 09 тамызда.