«Проблемалық кредиттер қоры» акционерлік қоғамы мен «Оңалту және активтерді басқару компаниясы» акционерлік қоғамын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 16 қарашадағы № 766 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Проблемалық кредиттер қоры» акционерлік қоғамы мен «Оңалту және активтерді басқару компаниясы» акционерлік қоғамын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 16 қарашадағы № 766 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:

2-тармақ мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:

«8) кедендік төлемдерді, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеушілер, уәкілетті экономикалық операторлар, кеден ісі саласындағы қызыметті жүзеге асыратын тұлғалар және (немесе) үшінші тұлғалар кепілге қойған мүлікті, сондай-ақ көрсетілген тұлғалардың иелігіндегі шектелген мүлікті және (немесе) мемлекеттік кірістер органдары ұстаған тауарларды сату болып айқындалсын.».

  1. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                              Ә. Смайылов