Қаржы министрлігі бюджетті оңтайландыру бойынша жұмысын бастады

Қаржы министрлігі бюджетті оңтайландыру бойынша жұмысын бастады

Қаржы министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында бюджет шығыстарына оларды одан әрі қысқарту үшін талдама жұмыстары басталды.

Республикалық және жергілікті бюджеттердің шығыстары, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шығыстары қысқартылуға жатады.

Шығыстарды талдау келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:

- әртүрлі конференциялар, семинарлар және басқа да іс-шаралар өткізуге арналған шығыстар;

- қымбат көлік пен жиһаз сатып алу шығыстары;

- құжаттары толық емес және қайтарымы төмен құрылысқа арналған шығыстар;

- өзге де өнімсіз шығыстар.

Жүргізіліп жатқан жұмыстың ашықтығын камтамасыз ету үшін қоғамның барлық ұсыныстары мен бастамаларын қарауға дайынбыз.

Барлық сұрақтар мен ұсыныстарды aizh.umirbekova@minfin.gov.kz электрондық мекен-жайға немесе 8 (7172) 74-33-47 Умирбекова Айжан нөміріне қоңырау шалуыңызды болмаса біздің ресми сайтымызда қалдыруыңызды сұраймыз.

     Сайт: www.minfin.gov.kz/

     в Instagram: minfin.kz

     в Facebook:QR Qarju ministrligi.