Тауарлар шығарылғаннан кейін кедендік бақылауды жүзеге асыру бойынша мемлекеттік кірістер органдары лауазымды тұлғаларының іс-қимыл тәртібін айқындау мақсатында, сондай – ақ шартты түрде шығарылған тауарларға қатысты тауарларға арналған декларацияны аяқтау және бақылаудан алу мерзімін белгілеу мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен «Техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестікті растау, шартты түрде шығарылған тауарларға қатысты техникалық реттеу бөлігінде тыйым салулар мен шектеулерді сақтау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 28 сәуірдегі № 287, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 16 мамырдағы № 266 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 2 мамырдағы № 500 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу бастамашылық етілді.
Бірлескен бұйрықтың жобасы 2022 жылғы 26 шілдеде https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14165808 ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған.
Бірлескен бұйрық жобасын жария талқылауды өткізу мерзімі – 2022 жылғы 9 тамызға дейін.